14:01 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD342.49
  • EUR400.85
  • RUB5.51
Дәрі тамызғыш, архивтегі фото

Тәжікстанда 47 жастағы қала тұрғыны әйелін өртеп жіберді

© Sputnik / Варвара Гертье
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
107 0 0

Жантүршігерлік қылмысты Вахдат қаласының тұрғыны ашу үстінде жасағаны анықталды

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Тәжікстанда 47 жастағы ер адам әйелін өртеп жіберді, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.  

Милиция қызметкерлері кісі өлтірді деген күдікпен Вахдат қаласының тұрғынын ұстады.  

Оқиға отбасылық жанжалдың салдарынан болған. Қаскүнем 44 жастағы әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Әйелді қатты күйік шалып, бес күннен кейін ауруханада қайтыс болды.  

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жүргізілуде.  


Басты тақырыптар