16:36 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Жедел жәрдем

19 жастағы студент жатақханада босанып, нәрестесін бесінші қабаттан лақтырып жіберді

© Sputnik / Ирина Семибратова
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
2069 0 0

Қыз толық болғандықтан жүкті екенін ешкім білмеген, оның үстіне ішін жасырып жүрген

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы инженерлік колледждің 19 жастағы студенті өзінің нәрестесін бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Көрпеге оралған баланы жатақхананың күзетшісі тауып алған, деп хабарлайды life.ru Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Күзетші дереу полиция мен жас босанған қызға жедел жәрдем шақыртқан.  

Колледж оқытушылары журналистерге студент бірде-бір рет сабақтан қалмағанын, медициналық көмекке жүгінбегенін айтқан. Қыз толық болғандықтан жүкті екенін ешкім білмеген, оның үстіне ішін жасырып жүріпті.    

Қазір 19 жастағы студент ауруханада жатыр. Полиция бала өлі туған-тумағанын анықтап жатыр. Егер баланы қасақана өлтірген болса, қыз қылмыстық жауапкершілікке тартылады.  


Загрузка...

Басты тақырып