20:14 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Сауд Арабиясы

Сауд Арабиясының ханзадасы бостандыққа шығу үшін бір миллиард доллар төледі

© AFP 2019 / FAYEZ NURELDINE
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
100 0 0

Жемқорлыққа қарсы кампания аясында ұсталғандардың кем дегенде үшеуі ақша төлеп, босап шықты

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Сауд Арабиясының Ұлттық гвардия министрлігінің бұрынғы басшысы, ханзада Мутаиб бен Абдалла жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған болатын, алайда сотқа дейінгі реттеу тәртібімен бір миллиард доллардан астам қаражат төлеп, бостандыққа шықты, деп жазады РИА Новости Arabian Business басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, ұсталғандардың кем дегенде үшеуі сотқа дейінгі реттеу туралы келісімге қол жеткізген. 

Прокуратура бірнеше ұсталғанды босату шешімін қабылдады, кем дегенде қалған бесеуі әрі қарай тергелетін болады.

Қараша айының басында жемқорлыққа қарсы ірі кампания аясында 11 ханзада ұсталған еді. Кейінірек БАҚ көздерінде билік басындағы әулеттің ханзадалары абақтыда азапталып жатыр деген ақпарат тараған.

Загрузка...

Басты тақырып