01:41 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Портфель

Баласын тепкен ер адам жұмыстан шығарылды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
248 0 0

Бішкек тұрғыны жерге орналастыру басқармасында басшылық қызмет атқарған

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Қырығызстанда өз баласын тепкен ер адам жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан ақпарат агенттігі хабарлады. 

Ер адам Мемлекеттік тіркеу қызметі жанындағы (МТК) Сокулук аудандық жерге орналастыру және жылжымайтын мүлікті тіркеу құқығы басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 

Ведомство қызметкерін жұмыстан шығару туралы шешімді МТК төрағасы Дастан Догоев қабылдады.  

2 желтоқсан күні интернетте ер адамның жерде жатқан баланы ішінен бір тепкені түсірілген видео таралған болатын.  

Сол күні Бішкек тұрғыны уақытша ұстау абақтысына жеткізілді. Қазіргі таңда Қырығызстан Қылмыстық кодексінің "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда Бариер Адиев кінәсін мойындамай отыр, ол жазбаның  монтаждалғанын мәлімдеді.    


Басты тақырыптар