01:30 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Кезек күтіп отырған науқас, архивтегі сурет

Өлімге 2 жыл қалғанда қандай белгі берілетіні анықталды

© Sputnik / Юлия Кузнецова
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
622610

Эксетер университетінің ғалымдары көз жұмған 46 мың британдықтың медициналық жазбасына талдау жүргізген

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik.  Қарт адамдарда артериялық қысымның төмендеуі оның таяу уақытта қайтыс болуы мүмкін екенін білдіреді. Бұл туралы JAMA Internal Medicine журналында жарияланған зерттеуде айтылған, деп хабарлайды РИА Новости

Эксетер университетінің ғалымдары 60 және одан да жоғары жаста көз жұмған 46 мың британдықтың медициналық жазбасына талдау жүргізген. Іріктеуге жүрек-қан тамырлары және нейродегенеративті аурулармен ауырған науқастар туралы да, денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған адамдар жайлы да мәліметтер енгізілген.   

Екі топтың адамдарының да артериялық қысымы өлімге орташа 14 жыл қалғанда аз-аздап, ал соңғы 2 жылда едәуір қатты төмендегені анықталды. 

Мамандар алынған мәлімет жасы ұлғайған адамдарға ем таңдау кезінде көмектесуі мүмкін екенін атап өтті.  


Басты тақырыптар