Әлем

Азиядағы ең биік будда ғибадатханасы өртеніп кетті

© REUTERS / StringerСамая высокая пагода в Азии сгорела при пожаре
Самая высокая пагода в Азии сгорела при пожаре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азиядағы ең биік ағаш ғибадатхана түгі қалмай жанып кетті

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Сычуанда орналасқан көп қабатты ағаштан жасалған будда ғибадатханасы өрт салдарынан жойылды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ көздеріне сілтеме жасап.

Азиядағы ең биік пагода 16 қабаттан тұратын. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ. Тергеушілер өрттің себебін анықтауы тиіс.

​South China Morning Post басылымы хабарлағандай, өртпен төрт сағат бойы арпалысқан. Сол уақыт ішінде зәулім ғибадатхана күйіп-жанып кеткен ағаш үйіндісіне айналыпты. 

Дұға оқуға арналған екі қабатты ғимарат та өрт салдарынан жойылды.

Жаңалықтар
0