Әлем

Нью-Йорк орталығындағы жарылысқа қатысты жаңа дерек шықты

© AFP 2024 / Bryan R. Smith Жарылыс орны
Жарылыс орны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті жарылғыш құрылғыны шырша гирляндасынан жасаған

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Нью-Йорк орталығындағы жарылыс ұйымдастырған күдікті жарылғыш құрылғыны жасау үшін шырша гирляндасын пайдаланған, деп жазады РИА Новости NBC арнасына сілтеме жасап.

Нью-Йоркте жүк көлігі велосипед жолына шығып, бірнеше адамды басып өтті - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп Нью-Йоркте теракт жасаған Саиповты өлім жазасына кесуді талап етті

"Полиция мәліметінше, бұрынғы такси жүргізушісі құрылғыны жасау үшін шырша гирляндасын пайдаланған", — деп хабарлады арна.

Дүйсенбі күні Манхэттеннің шығысында жер асты өткелінде жарылыс болды. Бастапқы мәлімет бойынша, 27 жастағы Акайед Улланың денесіне қолдан жасалған, сапасы төмен жарылғыш құрылғы байланған. Өрт сөндіру қызметінің мәліметі сүйенсек, күдікті күйік жарақаттарын алған және маңында болған тағы үш адам жеңіл-желпі зардап шегіпті. 

Улла 2011 жылы 21 ақпанда иммиграциялық виза бойынша АҚШ-қа келген, елде тұруға заңды ықтияр хаты бар. 

New York Post мәліметіне сүйенсек, Улла бұл қадамға кек алу мақсатында барған. "Олар менің елімді бомбалап жатыр, ал мен осында өшімді алмақ болдым", — дейді ұсталған азамат. 


Жаңалықтар
0