Әлем

Ғалымдар семіздікті жеңу тәсілін тапты

© Sputnik / Vladimir AkimovПепси-кола
Пепси-кола - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зерттеушілер семіздік індетінің таралу көзі газдалған сусындар деп отыр

АСТАНА, 18 желтоқсан — Sputnik. Джон Хопкинс университетінің (АҚШ) зерттеушілері газдалған және басқа да құрамында қанты бар сусындарға семіздік қатері туралы ескертетін арнайы белгі қоюды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Ғалымдар әсіресе балалар арасында семіздік індетінің таралуын нақ осы өнімдермен байланыстырып отыр. Мамандар бұл сусындар "бос калория" көзі екенін, адам организимі үшін қоректілік құндылығы жоқ екенін атап өтті. 

Тұз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар: тұзды көп қолдану денсаулыққа қауіпті

АҚШ денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық статистика орталығының 1988-1994 және 1999-2004 жылдарға арналған мәліметтеріне сүйенсек, 6-11 жас аралығындағы балаларда газдалған сусындардан алған калорияның тәуліктік көлемі 20%-ға өскен.

Ғалымдар нақты статистикалық мәліметтер негізінде "Семіздіктің алдын алу үшін виртуалды популяциялар" атауымен қалалық өмірдің компьютерлік моделін жасап, зерттеу жүргізді. Онда қала тұрғындары күнделікті тірлігімен айналысады, тамақ, сусындар сатып алады. 

Симуляция Балтимор, Сан-Франциско және Филадельфия қалаларының азық-түлік дүкендерінде сусын сыртында ескерту таңбасының болуы (мәселен, қанттың зияны туралы) семіздіктің таралу деңгейін төмендететінін көрсетті. Зерттеушілердің пікірінше, өнім сыртындағы мұндай белгілер клиенттің құрамында қанты бар сусынды сатып алу ықтималдығын 4 пайызға азайтады.

Жаңалықтар
0