Әлем

АҚШ-та 123 жылға сотталған адам өз-өзіне қол салды

© Sputnik / Андрей СтенинТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам дәмханалардың бірінде кішкентай бала мен бірнеше қызметкерді тұтқында ұстаған

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Burger King дәмханасында адамдарды тұтқында ұстаған Джордж Джонсон 123 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, ол үкім шыққан күннің ертеңінде өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды РИА Новости Baltimore Sun басылымына сілтеме жасап.

Джонсонның денесі түрме камерасында табылған, сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, өз-өзін буындырып өлтірген екен.

Тұлғаларды заңсыз бас бостандығынан айыру, қылмыстық қауіп төндіру үшін айыпталған Джонсонды Балтимор соты 123 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Прокуратура мәліметінше, 2016 жылы шілдеде полиция зорлау туралы іс бойынша іздеуде болған көліктің ізіне түседі. Қарулы жүргізуші полицейлерден қашып, жол апатына түседі де, жақын маңдағы Burger King дәмханасына тығылады. Джонсон жеті жастағы қыз бен үш қызметкерді күшпен кабинеттен шығармай, тұтқында ұстаған. Полициямен келіссөз жүргізген соң, екі адамды босатып, артынша қалған адамдармен бірге өзі де шығады.

Жаңалықтар
0