Әлем

Мельбурнде джип бір топ адамды басып өтті: 19 адам зардап шекті

© REUTERS / AAP/Joe CastroМельбурнде джип бір топ адамды басып өтті
Мельбурнде джип бір топ адамды басып өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала билігі оқиғаны теракт ретінде қарастырып жатқан жоқ, жүргізушінің не себепті бұлай жасағаны белгісіз

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Австралияның Мельбурн қаласында жол талғамайтын көлік бір топ адамды басып өтті, 19 адам зардап шекті, оның төртеуі хәл үстінде жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

"Он бес адамның жағдайы қалыпты, төртеуі хәл үстінде жатыр", — деп хабарлады штаттың премьері Виктория Дэниел Эндрюс баспасөз конференциясы барысында.

 

Теракт болған Мысырдағы мешіт - Sputnik Қазақстан
Әлем
Мысыр мешітіндегі теракт: қанды қырғын болған жерден суреттер жарияланды
Полиция өкілі зардап шеккендердің арасында полицей бар екенін айтты.   

Бейсенбі күні ақ джип Мельбурн орталығындағы көше қиылысынан өтіп бара жатқан бір топ адамды жоғары жылдамдықпен соққан. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші бұл әрекетті қасақана жасаған, алайда оның көздегені не екені әзірге белгісіз. Жүргізушіден бөлек тағы бір адам ұсталды.   

Билік бұл оқиға теракт ретінде бағаланбайтынын мәлімдеді.   


Жаңалықтар
0