Әлем

Гватемала елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруге шешім қабылдады

© AP Photo / Oded BaliltyИерусалим
Иерусалим - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ел президенті сыртқы істер министріне елшілікті көшіруге тапсырма берген

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Гватемала президенті Джимми Моралес Израилдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруге шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Иерусалим - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын мәлімдеді

"Бүгін (24 желтоқсан) Израилдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен сөйлестім… Маңызды мәселелердің бірі Гватемала елшілігін Иерусалимге қайтару болды. Сыртқы істер министріне осы орайда тиісті шаралар қабылдауға тапсырма бергенімді хабарлаймын", — деп жазды Моралес Facebook желісінде.

Израиль елу жыл бұрын Иерусалимді Иорданиядан қайтарып, кейін аннексиялаған еді. Көптеген ел аннексияны мойындамай отыр, сол себепті елшіліктердің басым бөлігі Тель-Авивте орналасқан.


Жаңалықтар
0