Әлем

Фейсбукте БАҚ жаңалықтары мен жарнама қысқарады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуFacebook әлеуметтік желісі
Facebook әлеуметтік желісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Facebook әлеуметтік желісі жаңалықтар лентасын қалыптастыру тәртібін өзгертпек

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг сайт саясатында біраз өзгеріс болатынын мәлімдеді. 

Енді әлеуметтік желінің жаңалықтар лентасында БАҚ, компаниялар мен брендтердің ақпараты емес, қолданушының достары мен туысқандарының постары бірінші шығып тұрады, деп жазады РИА Новости

Фейсбук әлеуметтік желісі - Sputnik Қазақстан
Әлем
Фейсбук қолданушының суреттерін "тірілтпекші"
"Сіздер байқайтын ең бірінші өзгеріс жаңалықтар лентасына қатысты болмақ. Енді онда достарыңыз бен туысқандарыңыздың, топтардың жаңалықтары көбірек шығып тұратын болады", — деп жазды Цукерберг фейсбуктегі парақшасында. 

Оның айтуынша, фейсбукте түрлі компания, брендтер мен бұқаралық ақпарат құралдарының постары азаяды, ал олардың мазмұны адамдар арасында маңызды байланыс орнатуға септігін тигізуі тиіс. 

"Мұндай өзгеріс адамдардың уақытын үнемдейді. Қолданушылар фейсбукке аз кіретін болады деп ойлаймын. Алайда әлеуметтік желіде өткізетін уақытыңыз бұдан да құнды әрі пайдалы болады деген үміттемін. Егер біз дұрыс бағытта ілгерілесек, онда бұл біздің қауымдастық үшін де, бизнес үшін де тиімді болатынына сенемін", — деді Цукерберг.


Жаңалықтар
0