Әлем

Прокурордың орынбасары сот отырысында жасөспірімді атып тастады

© Sputnik / Табылды КадырбековТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотқа қатысушылар арасында туындаған жанжалдың салдарынан жасөспірім қаза тапты

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. АҚШ-та сот отырысы кезінде прокурордың орынбасары жасөспірімді атып тастады, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Түрме - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ-та 123 жылға сотталған адам өз-өзіне қол салды

Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша сотта 16 жастағы жасөспірім қару қолданып, қоқан-лоққы жасағаны үшін айыпталып жатқан еді. Отырыс кезінде Франклин округының прокуроры орынбасары, жасөспірім мен оның отбасы мүшелері арасында жанжал басталды. 

Прокурордың орынбасары соққыға жығылып, қару қолдануға мәжбүр болыпты. Оқ сотталушыға тиіп, жасөспірім ауруханада көз жұмған.


Жаңалықтар
0