02:37 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Шанхай

Шанхайда жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті

© Sputnik / Александр Вильф
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
48 0 0

18 адам зардап шеккен, үш адам ауыр хәлде жатыр

АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қытайдың Шанхай қаласында жүк көлігі дәмхана алдындағы жаяу жүргіншілер жүретін жолда бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан он сегіз адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқыс оқиға қаланың туристік аудандарының бірінде сағат 9.00 шамасында болған. 

Жүк көлігі Starbucks дәмханасының алдында бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетті. Дәмхана қоршауына соғылғаннан кейін, көлік өртене бастады, бірақ жалын газ баллондарына көшіп үлгермеген. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті дереу сөндірді. 

Үш адам ауыр хәлде жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінде алты адам отырған, олар зардап шеккендермен бірге ауруханаға жіберілді.

Қазір полиция істі тергеп жатыр.

Кілт сөздер:
жаяу жүргінші, жүк көлігі, Шанхай
Загрузка...

Басты тақырып