Әлем

Төрт адамды қырып салған қанішер артынан өзін өлтірген

© Sputnik / Табылды Кадырбековадамның қолы, архив суреті
адамның қолы, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаныпезер алдымен бір пәтердегі екі адамды, қалған екеуін басқа пәтерде атып өлтірген

АСТАНА, 11 ақпан— Sputnik. АҚШ-тың шығысында Кентукки штатында ер адам төрт адамды өлтіріп, артынан өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды РИА Новости.

Сенбі Пейнтсвилл қаласының шұғыл қызметіне атыс туралы хабарлама түседі. Қылмыс орнына келген округ шерифі пәтерлердің бірінің ас үйінен екі адамның мәйітін табады. Оларды атып өлтірген қаскөй оқиға орнынан кетіп қалған. 

Қолына кісен салынған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыны дүрліктірген қанішер ұсталды – ол тағы бір адамды өлтіріп үлгерген

Куәгердің айтуынша, қылмыскер қара түсті Toyota Camry көлігіне мініп қашып кеткен. Оған Пейнтсвилл мен қала маңындағы аймақтарда іздеу жарияланды. 

Кейін Пейнтсвилл көшелерінің бірінен көлік табылады. Машина жанында тұрған үйде тінту жүргізілген кезде пәтерлердің бірінен тағы екі адам мен өзін өлтірген қылмыскердің денесі табылған.  

"Бір адам өлтірген төрт адамды көрген кезде қандай ауыр сезімде болатыныңды сөзбен жеткізу қиын. Мен құқық қорғау органдарында жұмыс істеп жатқаныма 34 жыл болды. Осы уақытта көрген жантүршігерлік қылмыстардың бірі осы болып отыр", — деп мәлім етті шериф Двейн Прайс.

Шериф бұл істің мән-жайын штат полицейлерімен бірге анықтайтынын хабарлады. 


Жаңалықтар
0