Әлем

Ан-148 ұшағының жолаушысы туған күнінде қаза болды

© REUTERS / Максим ШеметовМәскеу облысында Ан-148 ұшағы құлаған жер
Мәскеу облысында Ан-148 ұшағы құлаған жер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ан-148 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 71 адам қаза тапты, оның ішінде үш бала болған

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Мәскеу түбінде құлаған Ан-148 ұшағының жолаушысы Илья Ставинский кеше туған күнін атап өтуі тиіс болған, трагедия болған күні ол үйіне ұшып бара жатқан, деп хабарлады Рен ТВ телеарнасы. 

Ан-148 ұшағы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Мәскеу түбінде жолаушылар ұшағы құлады
Соңғы мәлімет бойынша, ұшақта 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі – барлығы 71 адам болған. Апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағына сондай-ақ Әзірбайжан азаматы отырған, тағы екі шетелдік туралы мәліметтер әзірге нақтыланған жоқ.  

Мəскеуден Орск қаласына ұшып шыққан ұшақ әуеге көтерілген соң екі минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Оқиға орнында іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр, "қара жәшіктердің" біреуі табылды.    


Жаңалықтар
0