21:05 06 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
131 0 0

Ирандық Aseman Airlines компаниясы өздеріне тиесілі жолаушы ұшағының апатқа ұшырағанын растады

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Иранның Исфахан провинциясында бортында 66 адам болған жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлайды РИА Новости

Ұшақ Тегеран-Ясудж рейсін орындаған. Иран ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Алаэддин Боруджердидің ақпаратынша, ұшақта 60 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған. 

Өздеріне тиесілі жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағанын ирандық Aseman Airlines компаниясы да растады. 

Press TV телеарнасы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, бірнеше куәгер лайнердің фермалар ауданында шұғыл қонбақ болғанын көріпті. Куәгерлердің бірқатары әуе кемесіндегі бірнеше адам тірі қалған болуы мүмкін дейді. 

Телеарна ақпаратына сүйенсек, ауа райының қолайсыздығынан Иран құтқару қызметінің тікұшағы ұшақ құлаған жерге жете алмаған. 

Ресми билік жолаушылар ұшағының Исфахан қаласынан оңтүстікке қарай, Дена тау жотасы аумағында құлағанын растады.

Кілт сөздер:
ұшақ апаты, Иран
Загрузка...

Басты тақырып