14:09 07 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
203 0 0

Күдікті хатты ашқан әскери қызметкерлердің қолы мен беті дызылдай бастаған

АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Вашингтон түбінде орналасқан АҚШ-тың әскери базасында күдікті хатты ашқаннан кейін 11 адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости. Үш адам ауруханаға жатқызылды.   

"Әкімшілік ғимаратта (базаның) хат ашылғаннан кейін он бір адам сырқаттанып қалды", — деп жазылған хабарламада.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, үш әскери қолы мен беті дызылдағанын айтып шағымданған. Біреуінің мұрнынан қан кеткен.   

Оқиғаны АҚШ-тың теңіз жаяу әскерлері корпусы растап, бірнеше әскери қызметкер емделіп жатқанын мәлімдеді.  

Тергеу жұмыстарына ФБР де атсалысып жатыр.   


Кілт сөздер:
хат, әскери база, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып