Әлем

Адамға ұқсайтын ит әлеуметтік желіні дүрліктірді

© Photo : Engin AkyurtИт
Ит - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көптеген қолданушы иттің көзі адамдікіне қатты ұқсайтынына таңданды

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Reddit платформасында жарияланған иттің суреті желі қолданушыларын таңғалдырды. Йоги атты иттің бет әлпеті адамның түріне ұқсайды, деп жазды РИА Новости.

Порталға суретті ит иесінің танысы Шанталь Дежарден жүктеді, ол төбеттің суретін Facebook-те тұрақты түрде жариялап жүрген көрінеді.

© Photo : emceegrath / RedditБет әлпеті адамға ұқсайтын ит
Бет әлпеті адамға ұқсайтын ит  - Sputnik Қазақстан
Бет әлпеті адамға ұқсайтын ит

"Бұл итке қарап отырсаң, адамды сойып қаптап қойған бар дерсің", — деп жазды қолданушы.  

Жазбаға 600-ден астам пікір жазылды. Көптеген қолданушы иттің көзі адамдікіне қатты ұқсайтынына таңданды.   

"Итті адамға ұқсатып тұрған оның көзі деп ойлаймын", — деп жазды SIESTA_FIESTA. 

Пікір қалдырғандардың арасында иттің түрінен шошығандар да болды.

  

"Итті қатты аяймын. Өйткені ол сүйкімді көрінуі мүмкін, ал шын мәнінде қорқынышты. Оның денесіне сақал қойған қой көзді ер адам кіріп алғандай әсер қалдырды", — деп жазды istara. 

 "Шынымды айтсам, бұл мені аздап қорқытты. Фотошоп шығар деп ойладым", — деп пікір білдірді Great-Hatsby.   


Жаңалықтар
0