09:52 20 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD339.95
  • EUR392.64
  • RUB5.30
Сот балғасы, архивтегі фото

Сот барысында түсірілген жантүршігерлік видео жарияланды

© Sputnik / Максим Богодвид
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1382 0 0

Куәгерді қаламсаппен өлтірмек болған сотталушының өзі ажал құшты

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. АҚШ-тың Юта штатында сот залында түсірілген жантүршігерлік видео жарияланды, онда Crips көше бандасының мүшесі куәгерге шабуылдағаны, алайда арқасынан тиген оқтан құлап түскені көрінеді.      

 Сот орындаушы 25 жастағы Сиале Ангилауға оқ атуға мәжбүр болған, деп хабарлады The Sun. 

Видеода адамдар сотталушыға "Тоқта, тоқта, тоқта!" деп айқайлағаны естіледі, алайда ол оны елемей, қолына қаламсап алып, куәгерге жүгіріп барады. Абырой болғанда, куәгер Сиаленің соққысынан қашып үлгерген.    

Дегенмен, қаза болған жігіттің отбасының адвокаты офицердің үрейі ұшып кеткенін және күш қолданбауға да болатынын айтып отыр. Оның сөзіне қарағанда, сотталушыға үш оқ жерде жатқанда атылған. Сонымен қатар, сот залы полицейлерге толы болған. Адвокат куәгерге бар болғаны қаламсаппен зақым келтірмек болған Сиалеге қарусыз тойтарыс беруге болатын еді деп есептейді. 

Сиале қылмыстық топтың тергеуге алынған 17 мүшесінің бірі болған. Оларға қастандық және қарақшылық шабуыл жасады деген айып тағылды. Ол бұл іс бойынша соңғы айыпталушы болған екен, қалғандары 10–30 жылға түрмеге тоғытылыпты.  


Басты тақырыптар