18:21 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Эскалатор

"Жын ұрған" эскалатор адамды өлтіре жаздады – видео

CC0 / Michal Jarmoluk
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
24110

Оқиға Стамбулда "Айязага" метросында болған

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Стамбулдағы метрода жолаушы кенеттен жүріп кеткен эскалатордың ішіне түсіп ажал құша жаздады.

Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары  хабарлағандай, оқиға Стамбулда "Айязага" метросында болған. 

Видеодан істемей тұрған эскалатордың кенеттен қозғала бастағанын көруге болады. Мұны күтпеген адамдардың бәрі құлай бастайды, ал біреуінің аяғының астындағы бірнеше баспалдақ ішке түсіп кетті. Құлаған ер адам жүріп кеткен эскалатордың ішіне кіріп кеткен. 

Тұрғынды алып шығу үшін бір сағат қажет болған. Оны ауруханаға жеткізеді, зардап шеккен ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 


Загрузка...

Басты тақырып