18:06 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
2184720

Әскери қызметкер тізерлей кетіп, президент байрағын жерге құлатып алды

АСТАНА, 28 наурыз  — Sputnik. Украина президенті Петр Порошенко қаза болған жауынгерлерді еске алу салтанатында сөз сөйлеп жатқан кезде құрметті қарауыл ротасының сарбазы есінен танып қала жаздап, тізерлей құлады. Оқиғаның видеосы YouТube-те жарияланды.  

Кадрда Порошенконың артында тұрған әскери қызметкер теңселіп, құлап қалғаны көрінеді, осы сәтте президент байрағы да құлап кетеді. Ұлттық гвардияның басшысы  сарбазға жүгіріп барып, қолтығынан демеп сахнадан алып кеткен.     

Порошенко қатысқан іс-шараларда мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ.  Өткен жылы Украина Шекара қызметінің басшысы Беларусь президенті Александр Лукашенко сөйлеп жатқан кезде есінен танып қалған болатын. Осыдан кейін Порошенко бас шекарашыны қызметінен босатты.   

Загрузка...

Басты тақырып