Әлем

Бүкіл отбасынан айырылған Кемерово тұрғыны видеоүндеу жариялады

© Photo : Игорь ВостриковКемерово тұрғыны Игорь Востриков
Кемерово тұрғыны Игорь Востриков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кемероводағы сауда орталығында шыққан өрттен Игорь Востриковтың әйелі, үш баласы мен қарындасы қаза тапты

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. "Зимняя вишня" сауда орталығындағы өртте бүкіл отбасынан айырылған Кемерово тұрғыны Игорь Востриков видеоүндеу жолдады. 

Өрт кезінде бизнесменнің әйелі Елена, 7 жасар қызы Анна, 5 жасар ұлы Артем, 2 жасар ұлы Роман және қарындасы Алена қаза тапты. 

Востриковтың айтуынша, әлеуметтік желіде оны фейк деп санайтындар бар, сондықтан ол видеода отбасымен бірге түскен суретті көрсетеді. Кемерово тұрғыны туыстарының денесін бермей отырғандарын, сот-медициналық сараптама аяқталғанша үш апта күту керек екенін айтады. 

Оның сөзіне қарағанда, қаза болғандардың туғандары кинотеатрдан шығаберіс жердегі бейнебақылау камерасының жазбасын көрген. Видеодан есіктерді ешкімнің жаппағанын, адамдардың қашып шығып жатқандарын көруге болады.  

"Тек біз ғана қалдық, өйткені балалар мультфильмі болды. Балалармен кешеуілдедік. Олар есікке жеткенше, дәлізде қалың түтін жайылды. Бір ер адам есікті жауып, тесіктерді бітеп, құтқарушыларды күтеміз деп шешті. Бірақ құтқарушылар келмед", — деген Востриков ер адамның сыртқа шығып, оны құтқарғанын айтты. 

Зимняя вишня сауда орталығында шыққан өрттің орны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Кемероводағы өрт: 2 қызынан айырылған әке жабық кинозалдың ішінде не болғанын айтты

Востриков құтқарушылардың жедел келмегеніне, өрттің шұғыл сөндірілмегеніне қынжылады. Өйткені тұншығып өлген адамдарды аман алып қалмаса да, денелері өртеніп кетпес еді. Енді туыстары оларды жерлей алмай отыр. 

"Олар қатты күйіп қалған, тану мүмкін емес. Кейбіреуінің толық мәйіті жоқ, тек бөлшектері ғана бар", — деп көзіне жас алды Востриков.

Айта кетсек, митинг кезінде Кемерово облысының вице-губернаторы Сергей Цивилев кәсіпкер Игорь Востриковке "трагедия кезінде пиар жасап жатырсыз" деп кінәлаған еді. 

 

 

Жаңалықтар
0