Әлем

Трамп АҚШ пен Қытай арасындағы "әділетсіз" сауда туралы сөз қозғады

© AP Photo / Andy WongАҚШ туы
АҚШ туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ мемлекет басшысы мәлімдегендей, жыл сайын жарты триллион доллар шығын келеді, сол себепті Трамп ҚХР-ды өзара баж салығын ғана салуға шақырады

АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Қытайды елдер арасындағы сауда кедергілерін алып тастауға шақырды.

Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп Солтүстік Корея басшысына не деп жауап берді?

"АҚШ-тың 40 жылдан бері Қытаймен сауда профициті болмаған. Олар әділетсіз сауданы доғарып, кедергілерді алып тастап, өзара баж салығын ғана салуы тиіс. АҚШ жыл сайын бес жүз миллиард доллар жоғалтады, ондаған жылдар бойы миллиардтап шығын келді. Бұлай жалғаса беруіне болмайды!" — деп жазды Трамп Twitter-де.

Бұдан бұрын Трамп ҚХР-на қарсы жыл сайын жүз елу миллиард долларға дейін баж салығын енгізуіміз мүмкін деп мәлімдеген болатын, Бейжің де бұған дәл солай жауап берді. Сауда соғысы қаупі америкалық биржаға теріс ықпалын тигізген.

Жаңалықтар
0