21:07 17 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD371.31
  • EUR419.32
  • RUB5.59
Жаңа туған баланың архивтегі суреті

Сәби ата-анасы өлгеннен соң 4 жылдан кейін дүниеге келді

© AP Photo /
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1843 0 0

Баланың ата-анасы жасанды ұрықтандыру процедурасын жасатуға бес күн қалғанда жол апатына ұшыраған

АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Қытайда сәби ата-анасы қайтыс болған соң 4 жылдан кейін дүниеге келді, деп хабарлады The Guardian

Газеттің мәліметінше, 2013 жылы шанхайлық ерлі зайыпты Шен мен Лиу жасанды ұрықтандыру процедурасының көмегімен сәби сүюге шешім қабылдап, төрт эмбрионды мұздатып қойған. Өкінішке қарай, дәрігерге баруға бес күн қалғанда олар жол апатына ұшырап, екеуі де қаза болған.    

Ерлі-зайыпты көз жұмған соң олардың ата-анасы соттан Нанкин қаласы ауруханасында сақталған эмбриондарды пайдалануға рұқсат сұраған. Сот талқылауы төрт жылға созылады, өйткені ел тарихында мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған екен.   

Ақыр соңында қаза тапқандардың ата-аналары эмбриондарды пайдалануға құқық алады, желтоқсанда лаостық суррогат ана ұл баланы дүниеге әкелді. Балаға Тяньтянь есімі берілді.  


Загрузка...

Басты тақырыптар