Әлем

Сирияға жасалған шабуыл: Путин мәлімдеме жасады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Сирияға жасалған шабуылды айыптайды және АҚШ пен одақтастарының агрессиялық әрекетін талқылауды көздеп отыр

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Сирияға зымыранмен жасалған соққыдан кейін мәлімдеме жасады.

Сирияда - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сирия әуе базасына шабуыл жасалды

"14 сәуір күні АҚШ одақтастарымен (Ұлыбритания, Франция) бірігіп Сирия Араб Республикасының қарулы күштері мен азаматтық инфрақұрыым нысандарына зымыранмен соққы жасады. Бұл егеменді мемлекетке қарсы жасалған агрессия акті", — деп келтірді Путиннің сөзін Кремльдің баспасөз қызметі. 

Президент Ресей Сирияға жасалған шабуылды қатаң айыптайтынын мәлімдеді. 

"АҚШ осы әрекеті арқылы Сириядағы гуманитарлық катастрофаны одан әрі ушықтырып, бейбіт халыққа азап шектіріп жатыр. Былайша айтқанда, жеті жыл бойы Сирия халқын қинап жатқан террористердің ісін құптап, босқындардың жаңа толқынын тудыруда", — деп мәлімдеді Ресей басшысы. 

Путиннің айтуынша, Ресей АҚШ пен оның одақтастарының агрессиялық әрекетін талқылау үшін БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шұғыл кеңесін шақырады.

Жаңалықтар
0