20:13 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Дәрітамызғыш, архивтегі фото

Резеңкені қолынан бірнеше ай бойы шешпеген қызға ота жасауға тура келді

© Sputnik / Алексей Куденко
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1755 0 0

Қыз атасы мен әжесіне қолы ұйып, ауыратынын айтса да, дәрігерге көрсетпеген

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Қытайдың Аньхой провинциясында дәрігерлер төрт жасар қыздың қол терісіне бітіп кеткен резеңкені ота арқылы алды, деп жазды Daily Mail.

Қыздың атасы мен әжесі қаңтар айында қыздың білегі ісінгенін байқайды. Бала қолы ұйып, ауыратынын айтса да, олар еш шара көрмей, өзге провинцияда жұмыс істейтін қыздың ата-анасының келуін күткен. Олар дереу баланы дәрігерлерге алып барған.    

Ауруханалардың бірінде теріге дөңгелек резеңке бітіп кеткенін анықтайды. Мамандар қыз оны кем дегенде алты ай бұрын тағып алып, содан бері шешпеген деп болжам жасаған. 

Ультрадыбыстық эхография олардың болжамын растады. Резеңкені алу үшін хирург қол терісін кесуге мәжбүр болған. Ота 30 минут уақытты алған.  


Загрузка...

Басты тақырып