17:27 06 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
94 0 0

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Су-30СМ ұшағының қос ұшқышы ажал құшқан

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Сирияда ресейлік Су-30СМ жойғышы апатқа ұшырады.

Апат Астана уақытымен 12:45 кезінде Хмеймим аэродромынан ұшып шыққан жойғыш биікке көтеріле бастағанда Жер орта теңізі үстінде болған, деп хабарлайды РИА Новости Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Ұшақ үшін соңғы демі қалғанша күрескен қос ұшқыш, оқиға орнынан берілген мәлімет бойынша, қаза тапты", — деп мәлімдеді ведомство.

Бастапқы деректерге сүйенсек, ұшаққа ешкім шабуылдамаған – жойғыштың қозғалтқышына құс кіріп кетсе керек.

Ресей ұшағының Сириядағы соңғы жойқын апаты наурыз айында болған еді. Ол кезде Хмеймим аэродромына қонар кезде Ан-26 ұшағы құлаған болатын. Борттағы 33 жолаушы мен алты экипаж мүшесі қаза тапты.

Кілт сөздер:
жойғыш, әуе апаты, ресейлік ұшақ, Сирия
Загрузка...

Басты тақырып