Әлем

Ғалымдар дене еңбегі ер адамдарды өлімге әкеліп соқтыратынын анықтады

© AP Photo / Michael ProbstТазалықшының архивтегі фотосы
Тазалықшының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зерттеу 1960-2010 жылдары жүргізілген, оған екі мыңға тарта адам қатысқан

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Ғалымдар жұмыстағы физикалық белсенділік деңгейі мен ерте өлім-жітім арасындағы байланысты анықтады, деп хабарлады British Journal of Sports Medicine. 

Гамбургер - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар жаңалық ашты: фастфудты қанша көп жесең де, салмақ қоспайсың

Зерттеушілер жаттығу спортпен бос уақытында айналысатындарға ғана пайдалы екенін анықтады. Жұмыстағы жүйелі физикалық белсенділік, керісінше, ер адамдардың ерте қайтыс болуы тәуекелін арттыратын көрінеді.  

Мамандардың халықаралық тобы кәсіби физикалық белсенділік пен өлім-жітім деңгейі арасындағы байланысқа арналған 2,4 мыңнан астам ғылыми жұмысты зерттей келе, метаталдау жасады. Зерттеу 1960-2010 жылдары жүргізілген, оған екі мыңға тарта адам қатысыпты.     

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, тұрақты физикалық күшті қажет ететін жұмыс ер адамдардың ерте қайтыс болу тәуекелін 18 процентке арттыратыны белгілі болды. Бір қызығы, жұмыста тұрақты түрде спортпен айналысу әйелдерге пайдалы болып шыққан.    

Ғалымдар спортпен бос уақытта айналысудың пайдасы жайлы алғаш рет айтып отырған жоқ. Бұған дейін Бирмингем университеті мен Лондон Королдік колледжінің зерттеушілері тұрақты веложаттығу қартаюды тежеуге көмектесетінін анықтады.   


Жаңалықтар
0