Әлем

Laurel, әлде Yanny: Трамптың жауабы жұртты қыран-топан күлкіге қалдырды

© REUTERS / Carlos BarriaДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қолданушылар "Лорел" мен "Йенни" деп дауласып жатқанда, Дональд Трамп "covfefe" дегенді естіпті

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Желіде пайда болған дыбыстық иллюзияны тыңдап көрді.

Трамп тыңдаған аудионы біреулер "Лорел" (Laurel), өзгелер "Йенни" (Yanny) деп естиді. Ал АҚШ басшысының жауабы жұртты қыран-топан күлкіге қалдырды.

"Мен "covfefe" (оқылуы — "ковфефе" ) деп естимін", — деді Трамп.

Негізінде "covfefe" сөзінің еш мағынасы жоқ. Алайда Америкада Трамптың арқасында біраз танымалдыққа ие болған.

 

Жаңалықтар
0