Әлем

Гарри ханзаданың бұрынғы сүйіктісінің фотосы интернетте жылдам таралып жатыр

© REUTERS / NEIL HALL/Pool Гарри ханзада мен Меган Маркл
Гарри ханзада мен Меган Маркл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілерде 32 жастағы Челси Дэйвидің фотосуреті қызу талқыланып жатыр

АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. Интернет қолданушылар Гарри  ханзаданың бұрынғы дос қызы Челси Дэйвиді күлкі қылды.   

Өткір тілді әлеуметтік желі қолданушылары британиялық ханзада Гаррри мен америкалық актриса Меган Марклдің үйлену тойында ханзаданың бұрынғы дос қызы 32 жастағы Челси Дэйвиді байқап қалған.   

"Бұрынғы жігітің үйленіп жатыр, ал сен тойда отырсың", — деп жазды желі қолданушылары оның қапалы көрінген суретіне.  

Фото интернетте жылдам таралып кетті.   

Челси Дэйви Гарри ханзадамен 2004 жылдан 2010 жылға дейін кездесіп жүрген. Қыз ханзаданың телефонына өзге қыздан хабарлама келгенін көріп қалып, оны тастап кеткен.    


Жаңалықтар
0