Әлем

БҰҰ қыз алып қашу дәстүріне қарсы шықты

© Sputnik / Табылды КадырбековТұрмыстық зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БҰҰ Қырғызстандағы қалыңдықты ұрлап, өлтіру оқиғасына алаңдаушылық білдірді

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. БҰҰ Қырғызстандағы қызды ұрлап, аяусыз өлтірген оқиғадан кейін осындай қылмыстарға қатысты алаңдаушылығын мәлімдеді.

Орамал, той туфлиі - Sputnik Қазақстан
Жігіт қыз алып қашып, кейін оны полиция бөлімшесінде пышақтап тастады

Соңғы деректер бойынша, Қырғызстанда 24 жасқа дейінгі қыздардың 13,8 %-ын күштеп тұрмысқа берген. 

"Қырғызстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл заңсыз әрекетті жоюды қолдайды және оны 2022 жылға дейін Қырғызстан үкіметі қол қойған келісімге сәйкес басымдықтардың бірі деп таниды", — делінген мәлімдеме мәтінінде. 

БҰҰ атап өткендей, балалардың некелесуі немесе мәжбүрлеп үйлендіру адамның негізгі құқықтарын бұзу болып саналады және тікелей қатысушыларға да, бүкіл қоғамға да орны толмас  зардабын тигізеді. Қалыңдық ұрлау, күштеп үйлендіру немесе алып қашу сияқты әрекеттер Қырғызстанның мәдениеті мен салт-дәстүріне сай келмейді, әлсіз адамдардың құқығын бұзу болып табылады.

Қырғызстандағы БҰҰ агенттігі ел билігін мұндай әрекеттерді тоқтатып, ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардың орындалуы үшін тиісті шаралар атқаруға шақырды. 

Жаңалықтар
0