22:21 15 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD371.31
  • EUR419.32
  • RUB5.59
Ер адам

"Инопланетянин" деп мазақтайды: сирек кездесетін дертке шалдыққан жігіттің мұңы

CC0
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
179 0 0

Үндістанда тұратын Аншу Кумар дертінен айығып, үйленуді армандайды, алайда туған-туыстары оның жазылып кетуінен үміт үзген екен

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Үндістандық жігіттің бет пішініне қарап, ғайыптан келген "инопланетянин" деп атайды.

Жиырма жастағы Аншу Кумарға дәрігерлер әлі күнге дейін нақты диагноз қоя алмай келеді. Пайымдаулардың біріне сәйкес, ол ағзасындағы хромосомалық өзгерістерге байланысты Якобсен синдромына шалдыққан.

Daily mail жазғандай, қазір Кумар өз бетімен әрең жүреді, ал түр-келбетінің ерекшелігіне байланысты жергілікті тұрғындардың мазағына жиі ұшырайды. "Қара жұмыс" істеп тапқан 50 фунт стерлинг (67 доллар) білікті дәрігерге қаралуына жетпейтін көрінеді.

"Өзгелерге ұқсамаймын, сол себепті ешкім ұнатпайды. Түрімнен балалардың зәресі ұшады. Жазылып кетсем ғой, бәлкім, үйленетін шығар ма едім", — деп мұңын шағады Кумар.

Жігіттің айтуынша, адамдар оны үнемі келеке қылады екен. Өзге планеталықтар туралы Болливуд фильмінен кейін бәрі "инопланетянин" деп мазақтай бастаған.

Туған-туыстары Кумардың сауығып кетуінен күдерін үзіпті. Жас жігіттің өзі дәрігерлер емдеп жазады деп сенеді.

Кілт сөздер:
дерт, жас жігіт, Үндістан
Загрузка...

Басты тақырыптар