Әлем

Ұялшақ қыз America's Got Talent шоуында көрермендерді таңғалдырды – видео

© Photo : NickbarҚыз сахнада ән айтып тұр
Қыз сахнада ән айтып тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
13 жастағы Кортнидің ерекше өнері тележобаның әділ-қазыларын таңғалдырғаны соншалық, оны бірден финалға жіберді

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Кортни Хадвин America's Got Talent таланттар шоуында ерекше өнер көрсетті.  

Димаш және Раушан Құдайбергеновтер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Димаштың қарындасы желі қолданушыларын таңғалдырды

Ұлыбританиялық оқушы сахнаға шыққанда қатты толқыды, қысылғаннан тіпті қызарып та кетті, алайда ән айта бастағаннан нағыз рок жұлдызына айналып шыға келді. Музыка басыла салысымен Кортни қайтадан ұялшақ қыздың кейпіне түсті.

13 жастағы қыздың ерекше өнері тележобаның әділ-қазыларын таңғалдырғаны соншалық, олардың бірі – канадалық актер әрі тележүргізуші Хоуи Мэндер "алтын түймешікті" басып, Кортниді бірден финалға жіберді. Көрермендер қызға тік тұрып қошемет көрсетті.     

Оқушының өнері жазылған видео әлеуметтік желілерде жылдам таралып жатыр. Шоу жүргізушісі, америкалық модель Тайра Бэнкстің парақшасының өзінен 50 миллион рет көріліпті.    

Жаңалықтар
0