Әлем

Имам үшінші әйелі етіп 11 жастағы қызды алды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚыз бала
Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үйлену тойының суретін имамның әйелдерінің бірі желіге жариялап жіберген

АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Малайзия билігі 11 жастағы қызбен некесін қиған Келантан штатының имамына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Көшпенділер ойындарындағы қыздар, архив - Sputnik Қазақстан
Әлем
Тоқал алатындардың некесін қиған имамдар жауапкершілікке тартылады

41 жастағы Че Абдул Карим Хамидтің екі әйелі мен алты баласы бар. Имам үшінші әйелі етіп Таиландтың 11 жастағы қызын алған. Ал заң бойынша мұсылман қыздар 16 жастан бастап некелесе алады. Онда да шариғат соты мен ата-анасының рұқсаты болуы керек. 

Қыздың әкесінің айтуынша, бойжеткен болашақ күйеуімен бұрыннан таныс екен. Имам қыздың ата-анасынан үйленуге алғаш рет рұқсат сұрағанда, әке-шешесі жасына байланысты рұқсат етпепті. Алайда ер адам өз дегеніне көндіріп, қалыңдықты 16 жасқа толған кезде ғана өз үйіне алып кетуді ұсынған, деп жазады South China Morning Post

Бойжеткеннің әкесі қызының некелесу рәсімінен кейін ата-анасының үйінде қалғанын атап өтті.

Оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен діни қауым мүшесі сотталды>>

Үйлену тойы Таиландта өткен, ал тергеу имамның әйелдерінің бірі желіге сурет жариялағаннан кейін басталды. Егер сот Че Абдул Хамидті кінәлі деп таныса, онда ол алты айға дейін түрмеде отыруы мүкмін. Сондай-ақ 247 доллар мөлшерінде айыппұл төлейді.

Ақтөбе облысында ер адам 14 жастағы қызбен бірге тұрған>>

 

 

Жаңалықтар
0