06:01 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
ине

Полиция 11 айлық сәбидің денесіне кімнің ине тыққанын анықтады

CC0 / LeoNeoBoy
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1930 0 0

Тәжікстанда баланың 26 жастағы анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 8 шілде — Sputnik. Тәжікстанда он бір айлық баланың анасы Ресейдегі күйеуін үйге қайтару үшін нәрестенің денесіне ине тыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik. 

Душанбедегі медициналық орталыққа түскен сәбиді қараған дәрігерлер оның бас сүйегіне, мұрнына, аяғына, мойнына, кеудесіне инелер тығылғанын анықтайды. 

"Душанбеден 15 шақырым жердегі ауылдың 26 жастағы тұрғыны ұлының денесіне 10 металл инені әдейі тыққан. Ол мұны Ресейде жұмыс істеп жүрген 30 жастағы күйеуін үйге қайтару үшін жасаған. Әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлады Тәжікстанның ішкі істер министрлігі. 

Ұлттық медициналық орталықтың дәрігерлері бірінші операция кезінде тек алты инені ғана алып шыға алды. Қалған төрт ине баланың денесіне терең еніп кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің денесіне ине үш ай бұрын кірген. 

Бұған дейін мұндай оқиға Өзбекстанда болған еді. Он бір айлық бала ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізілді. Дәрігерлер оның денесінен 16 ине тапты, оның тек 13-ін алып шыға алған. 

Аружан Сайын әлдекім азаптаған баланың тағдыры туралы айтты

Сондай-ақ, елімізде Түркістан қаласында болған осындай жағдай жұртты шошытқаны есімізде. Биыл наурыз айында қоғам белсендісі Аружан Сайын бір жарым жасар қыздың денесінен ине табылғанын хабарлады. Бала тұрмысы жақсы отбасында тұрады, ата-анасы тағы екі бала тәрбиелеп отыр. Сәбидің денесіне ине қалай кіргенін анықтау мүмкін болмады. 

Эскалаторға қысылып қалған 2 жасар қыздың жағдайы белгілі болды

Кілт сөздер:
сәби, ине, Өзбекстан, Түркістан, Тәжікстан
Загрузка...

Басты тақырып