Әлем

Психотерапевтер балаға айтуға болмайтын сөздерді атады

CC0 / StockSnap / Планшет ұстаған бала
Планшет ұстаған бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар бетімен кеткен балаларға айтуға болмайтын сөздердің тізімін жасады

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Британиялық психотерапевтер Хизер Турджеон мен Джули Райт ата-аналарға бала тәрбиесінде кез келген қиындықты жеңуге көмектесетін арнайы оқу құралын шығарды, деп жазды РИА Новости шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Бұл оқулықта мамандар ерке балаларға ешқашан айтуға болмайтын сөздердің тізімін жасаған. Өйткені ол сөздер балалардың мінез-құлығын нашарлатып, ата-ана мен бала арасындағы байланысқа кедергі келтіруі мүмкін.

Ғалымдар ер адамдар қандай әйелді әдемі деп есептейтінін анықтады

Сонымен, мына сөздерді балаңызға айтушы болмаңыз:     

∙ Олай істеме деп қанша рет айттым?

∙ Қанымды ішіп біттің ғой!

∙ Неге тыңдамайсың?

∙ Жылама деймін, кішкентай баласың ба?!

∙ Өйткені мен айттым, бітті!

∙ Қазір дереу сөндірмесең, бүгін тәттіден құр қаласың! 

Сонымен қатар, Турджеон мен Райт ата-аналарға арналған арнайы әдістеме дайындады, оны ALP деп атап, үш кезеңге бөліп қарастырған (attune, limit set and problem solve — оқу, шекараны анықтау және проблеманы шешу).

Жаңалықтар
0