05:22 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
әйел

"Қыз әдемі емес" Зорланған әйел туралы осылай деген шенеунік жұрттың ашуына тиді

© Sputnik / Тимур Батыршин
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
172601

Қытайдың Хэбэй провинциясында шенеунік өзінің зорланғанын айтқан келіншекті мұндай қылмыстың құрбаны болатындай көрікті емес деп мәлімдеген

АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Қытайда елді мекен тұрғыны мемлекеттік қызметшіні зорлық жасады деп айыптады. Бірақ партияның аудандық бөлімшесінің басшысы істі қараудан бас тартқан, айтуынша, қыз оны зорлайтындай көрікті емес, деп жазады Hong Kong Free Press.

46 жастағы қыз партияның жергілікті хатшысы өзін бір жылдың ішінде үш рет зорлағанын мәлімдеді. 2016 жылдан бастап ол полицяға бірнеше рет шағымданған. Бірақ іс қозғалып, шенеунік жауапқа тартылмапты. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары тергеу барысын білу үшін партияның аудандық басшылығына хабарласады. Оның жауабы тілшілерді есеңгіретіп тастаған. Партия бөлімшесінің басшысы тергеуді бастамағанын, өйткені зардап шеккен әйелдің еркек қызығатындай түрі жоқ деп ойлайтынын айтқан. 

Ол әйелдің шенеунікке әдейі жала жауып отырғанын алға тартты. Айтуынша, оның түр-келбеті ер адамның қызығушылығын тудырмайды.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде жұрттың наразылығын тудырды. Желі қолданушылары қарт адамдардың да зорлық құрбаны болатынын, мұның әдемілікпен еш байланысы жоқ екенін жарыса жазды. 

Кейін жергілікті партия тәртіптік комиссияның бұл жағдайдың мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады. Әйелдің таққан айыбына полиция да назар аударған. 

Бурабайда қаскөйлер екі күн бойы жалдамалы пәтерде қыз зорлаған

Тақырып бойынша

ОҚО-да баланы зорлады деп айыпталған бозбала ақталып шықты
Такси жүргізуші көлігіне жылынып алу үшін отырған 12 жасар қызды зорлады
Қырғызстанда базарда ер адам ес-түссіз жатқан қызды зорлады
Павлодарда жас жігіт 81 жастағы кейуананы зорлады деп айыпталып жатыр
Ақмола облысының тұрғыны күйеуіне қызын зорлады деген айып тақты
Кілт сөздер:
зорлық-зомбылық, әйел, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып