Әлем

Токио халқы Денис Тенді еске алу үшін кезекке тұрды

© Sputnik / Владислав ВодневДенис Тенді еске алу
Денис Тенді еске алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денис Теннің жанкүйерлері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне толассыз келіп жатыр

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің қазасына байланысты әлемнің түпкір-түпкірінде мыңдаған халық спортшының жақындары мен Қазақстанға көңіл айтуда.

Мәнерлеп сырғанаушымен қоштасу рәсімі Алматы, Астана және тағы басқа Қазақстан қалаларында ғана өткен жоқ: бүкіл әлем бойынша Денис Теннің жанкүйерлері жиналып, танымал спортшыны еске алып жатыр.

Алматы халқы Денис Тенді ақтық сапарға аттандырды

Таңертеңнен бастап Қазақстанның Токиодағы елшілігіне келушілер легі толастамады, деп хабарлайды Sputnik 24.kz сайтына сілтеме жасап.

 

 

Жапон табынушылары қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының рухына бағыштап, сегіз кітапты көңіл айту сөздерімен толтырды.

Оңтүстік Кореядағы фанаттары Қазақстан елшілігіне гүл әкеліп, чемпионды еске алуда.

Тура осындай шаралар Бішкек пен Мәскеуде де өтіп жатыр.

Сочидегі Олимпиаданың қола жүлдегері 19 шілдеде Алматыда кісі қолынан көз жұмған еді.

Денис Теннің өлімі: күдікті сотта не деп ақталды?

Жаңалықтар
0