22:15 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Пышақ. Архивтегі фото

Қалыңдық жігітін бұрынғы қызын тойына шақырғаны үшін айуандықпен өлтірді

ДВД Северо-Казахстанской области
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
4902 0 0

Ғашықтар алдағы тойларын талқылап, қонақтардың тізімін жасап жатқанда дауласып қалған

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. АҚШ-тың Колорадо штатында тұратын 31 жастағы Жаклин Соуза жігіті бұрынғы қызын үйлену тойларына шақырғысы келетінін біле сала, оны пышақтап өлтірген, деп жазды Cosmopolitan журналы.  

21 шілдеде күндіз қыз 911 қызметіне қоңырау шалып, пышақ жарақатын алған адамға шұғыл көмек керек екенін хабарлаған. Ол не болғанын айтпаған.  

Оқиға орнына келген дәрігерлер мен полиция 33 жастағы Брэндон Уоткинсті ес-түзсіз күйінде тауып алады. Оның жанындағы үстелде қанға боялған ас үй пышағы жатқан.  

Алдымен Уоткинстің қалыңдығы еденде жатқан жігітінің мәйітін ваннадан шыққан кезде көргенін, ештеңе естімегенін хабарлады. Алайда полиция есікті ешкім бұзып кірмегенін анықтады. Содан кейін Соуза араларында жанжал болғанын айтып, Уоткинс өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін мәлімдеді. Айтуынша, олар маусымның соңында атастырылған, ғашықтар алдағы тойларын талқылап, қонақтардың тізімін жасауға келгенде дауласып қалған көрінеді.  

Ақтауда КВН ойыншысын кімдер өлтіргені белгілі болды

Кейінірек Жаклин жігіті бірнеше рет көзіне шөп салғанын, ал тойға өзінің бұрынғы қызын шақырғысы келгенін, Брендонды қатты қызғаныштан өлтіріп қойғанын мойындады. Ол Уоткинсті өлтіргісі келмегенін, құтқарушылар келгенше алғашқы көмекті көрсеткенін атап өтті. Жаклин 24 шілде күні 50 мың доллар кепілмен босап шықты, бұл іске қатысты сот 1 тамызда өтеді.   


Кілт сөздер:
қанды оқиға, пышақтап өлтірді, үйлену тойы, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып