Әлем

Балконда үлкен дәретке отырмақшы болған жігіт алтыншы қабаттан құлап түсті

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБалкон
Балкон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жігіт қазір жансақтау бөлімінде жатыр

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Жас британдық жігіт Испания аралдарының бірінде демалыста жүргенде, қонақ үй балконында үлкен дәретке отырмақ болып құлап кетті. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Mirror.

көпқабатты үй, архив - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда 11-қабаттан құлаған әйел жас жігітті өлтіре жаздады

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жігіттің жасы шамамен 20-да. Ол алтыншы қабаттағы балконнан жерге баспен түсіпті.

Құлағанға дейін жас жігіт шалбарын шешіп, балконның шетіне жақындап, үлкен дәретке отырмақ болған көрінеді. 

Британ азаматының биіктен құлап кеткенін растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0