Әлем

Жерлеу рәсіміне келген тоғыз адам қайтыс болды

© PhotoТағам
Тағам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аякучо қаласындағы жерлеу рәсімінде берілген тағамның құрамынан улы химикаттар табылды

АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Перуде тоғыз адам жерлеу рәсімінде тамақ ішкеннен кейін көз жұмды.  Бұл туралы CNN хабарлады.

Екпе - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бірнеше инфекция жұқтырған: Бекшин БАӘ-де уланғандар туралы айтты

Елдің денсаулық сақтау министрлігі Аякучо қаласындағы жерлеу рәсімінде берілген тағамның құрамынан улы химикаттар тапқан. Тамаққа дәл қандай улы зат түскені әзірге белгісіз.  

Қаза болғандардың жас шамасы – 12-ден 78-ге дейін. Денсаулық сақтау министрі Сильвия Пессах марқұмдардың отбасына көңіл айтты. 

 Телеарна елдің Азаматтық қорғаныс басқармасына сілтеме жасап хабарлағанындай, тамақтан тағы 52 адам уланып қалған. Кейбір зардап шеккендерді  Лимадағы клиникаға жеткізуге тура келген.

2 тамызда Испанияда 17 жастағы британиялық турист комаға түскені белгілі болды. Оның отбасылық кешкі астан кейін жағдайы нашарлаған, бозбаланың қанынан инсектицидтер табылды.  


Жаңалықтар
0