07:20 07 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
ас

Қарны аш ұры мейрамхананың терезесін шағып кіріп, тамақ пісіріп жеді

CC0
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
172 0 0

Қарны тойған соң, тонаушы мейрамхана кассасынан бірнеше мың доллар ұрлап кеткен

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. АҚШ-тың Теннесси штатының тұрғыны Эван Элмор мейрамханалардың бірінен бірнеше мың доллар тонап, кейін ұрланған жүк көлігімен қашып кеткен. Тонаушылық алдында мейрамхананың ас үйінде тауық қанаттарын пісіріп жеген сәті видеоға түсіп қалды. 

WRCB басылымының хабарлауынша, Эван Элмор мейрамхананың терезесін шағып кіріп, әуелі ас үйде тауық қанаттарын қуырып жеп, кейін сөмкесіне сыра, торт және басқа да тіске басарларды салып, кассадан бірнеше мың доллар тонап кеткен.

ұрланған көліктегі GPS навигациясы арқылы Элморды көп ұзамай құрықтады. Ер адамға тонаушылық жасау, көлік ұрлау және есірткі сақтау деген айыптар тағылған.

Аспаз-қылмыскердің қандай кесілетіні әлі хабарланған жоқ.

Теледидар үшін отбасыға оқ жаудырған тонаушы видеоға түсіп қалды

Тақырып бойынша

Лифтіде би билеген ұры жұртты күлдірді - видео
Ер адам ұшақты ұрлап әкетіп, апатқа ұшырады - видео
Кілт сөздер:
тәтті тағам, мейрамхана, ұры, ұстау, тонаушылық, есірткі, көлік ұрлау, полиция, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып