16:49 24 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.86
  • EUR418.74
  • RUB6.10
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
196 0 0

Әйел дәрігерге көзінде ісік пайда болған соң ғана барған

АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik.  BMJ Case Reports  журналында жарияланған мақалада 42 жастағы британ әйелдің қабағының астына линза кіріп кеткені туралы жазылады. Әйел дәрігерге көзінде ісік пайда болған соң ғана барған. Кейін мамандар ота кезінде оның қабағының астынан линза алып шығады. 

Бастапқыда мамандар аппарат көмегімен науқастың көзін сканерлеп, кейін қабағының астында ұзындығы 6 мм болатын заттың тұрғанын көреді. Ол зат осы күнге дейін әйелге еш кедергі келтірмеген екен. Сондай-ақ, мақалада дәрігерлердің линзаны алу кезінде көптеген қиындыққа тап болғандары туралы жазылған. Себебі, линза шытынап, майда бөліктерге бөлініп кеткен. 

Анасының айтуынша, қызы көзіне линзаның қалай кіріп кеткенін білмеген. 14 жасында, осыдан 28 жыл бұрын әйел бадминтон ойнап жүргенде, оның "добы" көзіне тиген. Анасының болжауынша, линза қабағының астына осы кезде кірген. Себебі, олар қыздың көзіндегі линзаны ұзақ уақыт бойы іздеп таба алмаған. Офтальмолог мамандар осы оқиғадан кейін көзді уақытылы тексертіп тұруға кеңес берді.

Дәрігерлер қазақстандық "қарт балаға" пластикалық ота жасады

Тақырып бойынша

Төрт көз, екі ауыз: Қытайда екі басты бұзау дүниеге келді (фото)
Трамп денсаулығы туралы анықтаманы өзі айтып жаздырды - дәрігер
Мысырлық дәрігер науқастың ішінен 39 шеге алып шықты
Дәрігер – дәрігер емес: денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желідегі бейнені тексеруде
Резеңкені қолынан бірнеше ай бойы шешпеген қызға ота жасауға тура келді
Германиядағы қазақ миға 4 мыңнан астам күрделі ота жасаған
Дәрігерлер Сәтпаевта зорланған қызға ота жасады
Кілт сөздер:
ота, көз ауруы, көз, дәрігер, дәрігерлер
Загрузка...

Басты тақырып