12:51 03 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD447.60
  • EUR489.41
  • RUB5.71
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
5093 0 0

Жігіт мұндай жомарттыққа қуанудың орнына әлгі әйелді тауып, оған ақшасын тиынына дейін қайтарып бермек

АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. Хокота қаласында тұрып жатқан жапониялық басынан ерекше жағдайды өткерді. Жігіт есіктің қоңырауы соғылғанда үйде отырған. Кейін есікті ашып табалдырықта тұрған әйелді көреді. Әлгі әйел көзілдірік тағып тұрғандықтан, ол анасының танысы болар деп мән бермейді. Бұл туралы Japantoday басылымы жазды.

Әйел адам жігітке бірнеше сұрақ қойып, қолына екі конверт ұстатады. Ұстатып жатып "Сенің анаң жұмыстан беске қарай келетінін айтты. Оған мұны беруді ұмытпа" дейді. Осы сөздерді айтқан соң бірден кетіп қалады. Бар қызық анасы үйге келген соң басталады.

Ол ешкімді күтпегенін айтады. Бірінші конвертте 40 мың иен, ал екіншісінде 1 миллион иен болған екен. Сондай-ақ, басылым бейтаныс әйел жігіттің анасының еш құрбысына ұқсамағанын жазған.

Жапон халқының семіздікке шалдықпауының сыры неде?

Саналы адамдар ретінде анасы мен баласы ақшаны полицияға апарып береді. Тәртіп сақшылары бейтаныс әйелдің кім екенін анықтап жатыр. Ол уақытқа дейін қаржы жоғалғаны туралы шағым түспегендіктен, олар әйел мекенжайды шатастырды деп болжап отыр.

Тақырып бойынша

Қазақстанда қылмыскерлер өз құрбандарына ақша төлейтін болды
Түркістан облысында жасөспірім ақша үшін құрдасына оқ атты
Тәртіп сақшысы асханада ақша төлемеу үшін тамаққа қоқыс тастап жіберді – видео
Ләззат Ибрагимова: Баспанаға ақша жинауға көбінесе әйелдер бастамашы болады
Павлодарда науқас баланың еміне жиналған ақша ұрланды
Әлемге әйгілі футболшы үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған
Полиция Астанада неліктен ақша "жауғанын" анықтауға кірісті
Кілт сөздер:
жас жігіт, ана мен бала, ақша, Жапония
Загрузка...

Басты тақырып