Әлем

Видеоға түсіп қалған белгісіз ұшатын нысанның құпиясы ашылды

© Photo : StockSnapҚол
Қол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде мамыр айында белгісіз ұшатын нысанның видеосы пайда болып, оны миллионнан астам адам тамашалаған еді

АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында түсірілген белгісіз ұшатын нысанның видеосы жалған емес болып шықты, кадрлардағы нысанның құпиясы анықталды.

Белгісіз ұшатын нысанның сыры белгілі болды, деп хабарлайды РИА Новости Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

-та түсірілген видео биыл мамыр айында YouTube желісінде жарияланған. Онда сұр түсті сопақша нысан көл үстімен баяу ұшып барады. Видеоны түсірген автор нысаны "ғарыш кемесі" шығар деп пайымдайды.

Роликке көптеген адам әртүрлі пікірлер жазды. Кей интернет қолданушылары шынымен белгісіз ұшатын нысан шығар деп санайды. Ал басқалары АҚШ әскери-әуе күштерінің құпия техникасы болар деп пайымдаған.

Ақтауда белгісіз ұшатын нысан видеоға түсіп қалды

Түсірілім кезінде биіктен кадрлар жасауға арналған құрылғы дегенді алға тартқандар да болды.

Соңғы пікірді құрылғы иелері растапты: видеода көлік жарысын түсіруші аэростат екен. Сонымен, видео жалған емес, бірақ оған берілген бастапқы болжам шындыққа жанаспайтын болып шықты.

Жаңалықтар
0