05:03 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Жүктілік

Әйел төртінші сәбиіне жүкті екенін босанып жатып білген

© Photo: Public Domain
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1652 0 0

Әйелдің төртінші сәбиі 3,5 килограмм салмақпен туған

АСТАНА, 20 тамыз  Sputnik. Ұлыбританияның Мидлсбро қаласының тұрғыны Сара Бейли төртінші баласына жүкті екенін тек босанар кезде түсінген. The Daily Mail басылымының хабарлауынша, ол осы күнге дейін жүктілігін аурумен шатастырып келген.

Британ әйелдің айтуынша, осы жүктілігі кезінде салмақ қоспаған, қан ақпаған, сондай-ақ, өзін сақтандыратын дәріні тұрақты түрде ішкен. Сол себепті 29 жастағы Бейли толғағы келгенде өзін жүктімін деп еш ойламаған. Анасы Пэй не болып жатқанын бірден түсініп, қызын босандырып, артынша шұғыл жедел жәрдем шақырған.

Біртанов Астанада үш әйелдің өліміне қатысты түсініктеме берді

Біраз уақыттан кейін шақалақ демалмай жатып қалады. Алайда дәрігерлер оған да, анасына да шұғыл көмек көрсетіп үлгереді. Қазір олар аман-сау үйлеріне жіберілді. Туғанда салмағы 3,5 килограмм болған қызға Дезайра деген есім берді.

Дәрігерлер Бейлидің жүктілігін білмеуін ұрықжолдастың жатыр алдында басқаша орналасуымен түсіндірді.

"Мен толғағым басталған дейін өзімнің жүкті екенімді білмедім. Адам айтса нанғысыз жағдай болды. Дезайраның жатырымда жатқанын білмегендіктен, ішімдік ішіп, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбаған едім. Сол себепті, өзімді оның алдында кінәлі сезінемін",  дейді британ әйел.

Сондай-ақ, ол өзге балаларының аяқ астынан пайда болған қарындастарымен қуана ойнап жүргендерін жеткізді. 

Қостанайда үйде босанған әйелдің жағдайы қалай?

"Дезайра  тамаша жан және ол жүктіліктің басқаша өтуі мүмкін екендігінің мысалына айналды",  дейді ол.

Тақырып бойынша

Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды
Астанада жас босанған үш әйелдің өлімі: перзентхана қайта жұмысқа кірісті
"Күніне 25-30 темекі шеккен" Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды
Ақтөбеде жас босанған ана сәбиінің шетінегеніне министрлікті кінәлап отыр
Мектепте босанған мұғалім баланы сөмкеге жасырамын деп өлтіріп алды
Атырауда жас босанған әйел мен оның баласы қайтыс болды
Атырауда егіз босанған әйел көз жұмды
Оңтүстік Қазақстанда үш рет егіз босанған ананы марапаттады
Астанада жаңа босанған әйелдің өлімі үшін дәрігерлер істі болып жатыр
Кілт сөздер:
артық салмақ, босану, сәби, әйел, жүктілік, Ұлыбритания
Загрузка...

Басты тақырып