Әлем

Әкесі ұлын құтқару үшін аюмен айқасқа түсті

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАю
Аю - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аю шаруаның аяғын тістеп, қашып кетті

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Сирек кездесетін малай аюы әкесімен күріш егуге барған 15 жасар балаға шабуыл жасамақ болды.

Аю көлікке мініп, ұйықтап қалды – күлкілі видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Аю көлікке мініп, ұйықтап қалды – күлкілі видео

Малайзияның Сабах штатындағы Тонгод қаласына жақын жердегі ауылдардың бірінде Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін аю ауыл шаруашылығымен айналысып жүрген жасөспірімге шабуыл жасамақ болды, деп хабарлайды New Straits Times.

15 жасар ер бала ағасы және әкесімен күріш алқабында жүреді. шабуыл жасағалы жатқанын көрген ер адам аңды ағаш таяқпен ұрады.

Ішімдік қоймасына кіріп алған аю шыға алмай қор болды — видео

Содан кейін әкесі ұлдарымен қаша бергенде, отағасы – 58 жастағы Джексон Йонгкидің аяғы батпаққа батып қалған екен. Сол кезде аю оны аяғынан тістеп, бұта арасына қашып кетеді.

Аурухананың берген мәліметінше, ер адам ауыр зардап шекпеген, жарақатын таңып, үйіне қайтарыпты.

Қазір жергілікті билік жыртқыш аңды тауып, жергілікті тұрғындарға қайта шабуылдамауы үшін шара қолданбақ.

Аю өзінің үйретушісін ауруханадан шығарып алды — видео

Жаңалықтар
0