Әлем

Желіде президенттің алты айлық ұлымен түскен суреті қызу талқылануда

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуСаули Ниинистё
Саули Ниинистё - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саули Ниинистё әлеуметтік желілердегі парақшасында алғаш рет алты айлық ұлының суретін жариялады

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. 70 жылдық мерейтойын атап өткен Финляндия президенті Саули Ниинистё құттықтауларға жауап ретінде өзінің Twitter-дегі аккаунтында  жүрек тебірентерлік фотосурет жариялады.   

Фото-коллажда екі сурет бар. Екеуінде де Ниинистё орындықта күліп отыр. Бір қолына ұлы Аароны, екінші қолына итін ұстаған.  

РИА Новостидің мәліметінше, президенттің үшінші ұлының фотосы желіде алғаш рет жарияланды. Президенттің оқырмандарын фотосуреттегі ит пен баланың бір-біріне қарап отырғаны таңғалдырды.

Назарбаевтың үш қызынан туған тоғыз жиені туралы не білеміз? 

Саули Ниинистё Финляндияны 2012 жылдан бері басқарады. Ниинистёнің бірінші әйелі Марья-Лина 1995 жылы автокөлік апатынан қаза болды. Бірінші некеден екі ұлы бар. 2009 жылы Финляндия басшысы 41 жастағы фин ақыны Йенни Хаукиоға үйленді. 2 ақпанда ерлі-зайыптының ұлы дүниеге келді.  

Жаңалықтар
0