03:23 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Әжей

Ғалымдар адамның өлетін күнін маңдайындағы әжімге қарап анықтады

© Sputnik / Александр Пирагис
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1019330

Зерттеушілер 20 жыл бойы үш мыңнан астам адамды бақылаған. Олардың арасында осы уақыт ішінде екі жүзден астамы қайтыс болған

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Ғалымдар жүрек-қан тамырлары ауруларының салдары адамның бет-әлпетінде қалай көрініс табатынын анықтады. Ол маңдайдағы көлденең әжімдер болып шықты, деп хабарлайды Sputnik naked-science.ru сайтына сілтеме жасап.

Жүрек-қан тамырлары ауруларына жүрек талмасы, күретамыр, тамыр және өзге де жүрек аурулары секілді қан айналым жүйесімен тікелей байланысты сырқат түрлері жатады. Сондай-ақ, бұл тізімге жүрекке қан апаратын тамырлар енді. 

Жыл сайын осы ауруға шалдыққандар саны көбеймесе, азайған емес. Бұл негізінен дамыған елдерде адамдардың орташа өмір жасының ұзаруы және мемлекеттердің қартаюымен байланысты. Жүрек аурулары ішінде бірінші орында ишемиялық түрі тұр. 

Заманауи медицина жүрек-қан тамырлары аурулары мәселесіне келгенде алдыңғы қатарда келе жатыр. Жуырда Тулуз университетінің француз ғалымдары жаңа зерттеулерінің нәтижесін жариялады. Өздерінің қорытындылары туралы жыл сайын Мюнхенде өтетін Еуропа кардиологтарының қоғамдастығы конференциясында мәлімдеді. 

Осы уақытқа дейін мамандар ағзаның ішкі проблемаларының сырт келбетте көрініс табуына назар аударып келді. Әсіресе, бетте әжімдердің пайда болуына. Олардың кейбіреуі жүрек ауруларымен тікелей байланысты болмай шықты. Бар болғаны белсенді мимиканың салдары болуы мүмкін. 

Француз ғалымдар бар назарларын маңдайда көлденең орналасқан әжімдерге аударды. Зерттеуге 32 мен 62 жас аралығындағы 3 200 адам қатысты. Мамандар әжімнің қаншалықты анық көрінетініне қарап нөлден үшке дейінгі ұпайлық жүйемен баға берді.

Ғалымдар кәуаптың қандай зияны барын анықтады

Ғалымдар еріктілерді 20 жыл бойы бақылады. Осы уақыт аралығында олардың 233-і қайтыс болған. Қорытындысында адамның жүрек-қан тамырлары аурулары салдарынан өлетін күні жақындап қалғанын әжімдерінен білуге болатыны анықталды. Мамандар тарапынан 2-3 ұпаймен бағаланған әжімдері бар адамдардың 0 ұпай алғандарға қарағанда қайтыс болу қаупі 10 есе жоғары екені де белгілі болды. Мұнымен қатар, дәрігерлердің зиянды әдет, жас, жыныс сынды факторларды ескергендері айтылған. 

"Маңдайыңызда әжім қаншалықты көп болса, өлетін күніңіз соншалықты жақын", — дейді тәжірибе жұмысының бас авторы Йоланди Эскироль. 

Ғалымдар әзірге бұл байланыстың басты себебін анықтай алмады. Олардың пікірінше, басты себеп — атеросклероз, артерияның ұзақ уақыт бойы ауруы және оның сырт келбет арқылы көрініс табуы. 

Тақырып бойынша

Ғалымдар ең қауіпті азық-түлікті анықтады
Қант қызыл иекті қанатады — ғалымдар
Ғалымдар: Ұйқысы жиі қанбайтын адамдар жалғыз қалады
Ғалымдар ер адамдардың әйелдерден ақылдырақ екенін дәлелдеді
Ғалымдар өлім алдында адамның қандай күйде болатынын анықтады
Ғалымдар қандай адамдар ұзақ өмір сүретінін айтты
Ғалымдар ас содасының қатерлі ісіктен қалай құтқаратынын айтты
Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты
Ғалымдар дене еңбегі ер адамдарды өлімге әкеліп соқтыратынын анықтады
Кілт сөздер:
жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары, ұпай, жүрек талмасы, зерттеу, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырып